«Ана тілім-бабам тілі, өз тілім!»

08.09.2022

2022 жылдың 8 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 1, 2 курс студенттері арасында Қазақстан халықтары тілдерінің онкүндігі аясында «Ана тілім-бабам тілі, өз тілім!» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Әдеби кештің мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыра отыра А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша алған білімдерін толықтыру, оның қазақ тілі мен әдебиеті тарихында алатын орнын, маңызын түсіндіру, ақын мұрасына құрметпен қарауға, көркем әдебиетті, поэзияны сүйе білуге баулу.

Колледж студенттері іс-шараға белсене қатысып, ақынның өлеңдерін оқып, қызықты әңгіме өрбітіп, өздерінің білімдерін көсете білді. Қазақтың көрнекті ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, Алаш қозғалысының көсемі, ағартушы, ғалым, педагог, ақын, аудармашы А. Байтұрсынұлы туралы презентация көрсетілді.

Өткізілген іс-шара өскелең ұрпақтың азаматтық пен патриоттық сезімін қалыптастыруға, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етті.



Текст
Виртуальная приемная